Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74

376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналықтар коммуналдық қызмет үшін төмендетілген тарифі бар түбіртектерді алды

  • 843
  • UPD: 17:19, 13.02.2019
Астаналықтар коммуналдық қызмет үшін төмендетілген тарифі бар түбіртектерді алды

1 қаңтардан бастап электр, жылу, сумен жабдықтау және су бұру, сондай-ақ қоқыс шығару тарифы орташа есеппен 9%-ға төмендеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Қаңтар айы бойынша Астана тұрғындарына ақпанда түбіртектер қойылды, яғни тұтынушылар бүгін келген түбіртектерден тарифтердің төмендегендігін көре алады. Егер сіз желтоқсан және қаңтар айының түбіртегін алатын болсаңыз, 1 кВтс немесе текше су үшін тариф төмендегенін көре аласыз», – деді Астана қаласы әкімдігі отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов.

Ол электрмен жабдықтау бойынша (ҚҚС-сыз) 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғаларға арналған тариф 9,3%-ға 11,4 теңгеден 10,33 теңгеге дейін төмендегенін еске салды. Заңды тұлғалар үшін Тариф 16,01 теңгеден 14,54 теңгеге дейін немесе 9,18%-ға төмендеді.

Жылумен қамтамасыз ету бойынша (ҚҚС-сыз) тариф жеке тұлғалар үшін 9,98 %-ға 2 304,82 теңге/Гкал-дан 2 074,81 теңге/Гкал-ға дейін төмендеді.

Заңды тұлғалар үшін тариф өзгеріссіз қалды.

Сумен жабдықтау бойынша (ҚҚС-сыз) жеке тұлғалар үшін тариф 10%-ға 41,26 теңгеден/м3-дан 37,13 теңгеге/м3-ға дейін төмендеді.

Су бұру бойынша (ҚҚС-сыз) жеке тұлғалар үшін тариф 10%-ға төмендеді. 34,81 теңге/м3-ден 31,4 теңге/м3 дейін.

Абаттандырылған сектор үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша тарифтер 5%-ға – 259,2 теңгеден 246,2 теңгеге дейін төмендеді, сонымен қатар жеке сектор үшін тарифтер 5%-ға – 276 теңгеден 262,2 теңгеге дейін төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы