384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында алаяқ әйел ұсталды

  • 1102
  • UPD: 23:29, 13.02.2019
Түркістан облысында алаяқ әйел ұсталды

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жас келіншек танысына баспана алып беремін деп, 4,5 млн теңгесін алдап алып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жәбірленуші аудандық полиция бөліміне арызданды. Соның негізінде Сарыағаш ауданының полицейлері жергілікті тұрғынды тақырға отырғызып кеткен алаяқ әйелді ұстады.

Салтанат Қаракөзова, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Іздестіру амалдары жүргізіліп, күдікті азаматша полиция басқармасына жеткізілген. Қазіргі таңда бұл іс айыптау актімен сотқа жолданған.

Хабар 24 телеарнасы