382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық оқушы көлік кептелісін азайтудың тың әдісін тапты

  • 622
  • UPD: 23:28, 13.02.2019
Қызылордалық оқушы көлік кептелісін азайтудың тың әдісін тапты

Қызылордалық оқушы ірі қалалардағы көлік кептелісі мәселесін шешудің тың әдісін ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Владимир Коряктың айтуынша, көше жолақтарын автоматтандыру арқылы көлік нөпірін реттеуге болады. Ол үшін жол бойындағы жолақтар сенсорлы шамдармен жабдықталуы керек. Мәселен, қарбалас сәттерде қызыл түсті жасыл түске ауыстыру арқылы автомобиль қозғалысы көп бағыттағы жолды тағы бір жолаққа кеңейтеді. «Ақылды» жолдар жобасы қаланың инфрақұрылымына да оң әсерін тигізеді», – дейді жас өнертапқыш.

Владимир Коряк, оқушы:

- Мұндай сенсорлы жолақтармен жолдарды жабдықтау қиын емес, әрі аса қымбат болмайды. Керісінше, қаланың тыныс-тіршілігіне пайдасын тигізеді. Менің ойымша, алдағы 10 жылда мұндай «ақылды» жолдар Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында пайда болуы да мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы