384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде жерасты өтпелері жөнделіп жатыр

  • 577
  • UPD: 10:40, 14.02.2019
Семейде жерасты өтпелері жөнделіп жатыр

Семейде 20 жылдан бері назардан тыс қалған жерасты өтпелері жөнделе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін былтыр қала қазынасынан 20 миллион, биыл тағы 18 миллион теңге бөлініп отыр. Осыған дейін Қайым Мұқаметханов және Қабанбай батыр көшелеріндегі нысандар жөндеуден өткен. Баспалдақтар мен қабырғалар ретке келтіріліп, жарық орнатылды. Қар мен жаңбырдан қорған болу үшін поликарбонат жабындылары қойылған. Биыл Шәкәрім және Әуезов даңғылындағы жер асты өтпелері жөндеуден өтеді. Жалпы қалада дәл осындай 8 нысан бар. Олардың барлығы кезең-кезеңімен ретке келтіріледі.

Серікқали Жұманов, қалалық автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі бөлімінің жетекшісі:

– Өкінішке қарай кейбір жабындыларды сындырып кету оқиғалары да орын алды. Алайда бұзақылар бүлдірген нысандарды мердігер мекеме өз қаражатына қайта қалпына келтірді. Болашақта осындай әрекеттердің алдын алу үшін бейнебақылау камераларын орнатуды көздеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы