382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік қызметтерді алудың биометриялық әдісі Қызылордада енгізілді

  • 507
  • UPD: 13:45, 14.02.2019
Мемлекеттік қызметтерді алудың биометриялық әдісі Қызылордада енгізілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астана және Алматы қалаларынан кейін мемлекеттік қызметтерді алудың биометриялық әдісін Қызылордада енгізді.

Енді жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамаларды саусақ іздерін пайдалана отырып алуға болады. Ол үшін бұрынғыдай электрондық цифрлық қолтаңба немесе жеке бас куәлігінің қажеті жоқ. Бүгінде халықаралық стандарттарға сәйкес, биометриялық деректер базасына мәліметтерді оператордың көмегімен 5 минуттың ішінде енгізуге болады.

Айнұр Тобаева, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» филиалы директорының орынбасары:

– Мұның ерекшелігі, басқа бір тұлғаның жеке құжатымен келіп, анықтамалар алуға, мәмілелер жасауға жол берілмейді. Жеке құжаттарын жоғалтып алады, ұмытып кетеді, басқа қалаға барған кезде анықтамаларды алу кезінде осындай қиындықтар туындағанда бұл сервистің түрі өте тиімді.

Хабар 24 телеарнасы