384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде судьяларға қойылатын талаптар қатаңдайды

  • 673
  • UPD: 15:12, 14.02.2019

Облыстық сот судьясы болып енді 15 жыл еңбек өтілі бар заңгерлер де тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай норма қарастырылған Конституциялық заң жобасы бүгін Сенат отырысында қаралды. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың айтуынша, бүгінде сотта қаралатын істердің 85 пайызы азаматтық дауларға қатысты. Оның ішіндегі шағымдардың дені мемлекеттік органдардың шешімдеріне байланысты. Бұл салық, экология, зияткерлік меншік, кеден секілді мәселелерді қамтиды. Сондықтан мұндай сұрақтарды шешу үшін сот жүйесі салалық мамандарға мұқтаж. Осы ретте тәжірибелі заңгерлерді жұмысқа тарту үшін тиісті жағдайлар жасалмақ. Сонымен бірге жаңа заң жобасына сот төрағасы қызметіне үміткерлерді бұдан былай 2 реттен артық тағайындауға тыйым салатын өзгерістер де енгізілмек.

Жақып Асанов, ҚР жоғарғы сотының төрағасы:

– Соттардың басшылары, төрағалар, алқа төрағалары қызметі екі реттен аспау керек деген талап қойып отырмыз. Бүгінде олар 5 жылға тағайындалады. Бірақ оларға шектеу жоқ. Сондықтан олар екі мәрте бес жылдан тағайындалса, сол жеткілікті деп есептеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы