389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар браконьерге салынған айыппұлдан инспекторға сыйақы беруді ұсынды

  • 470
  • UPD: 18:52, 14.02.2019
Депутаттар браконьерге салынған айыппұлдан инспекторға сыйақы беруді ұсынды

Елімізде браконьерлер туралы бірыңғай база әзірленуі тиіс. Оған заңды белшеден басқандар туралы барлық ақпарат енгізіліп, үнемі жаңартылып отыруы қажет. Браконьерлермен күреске арналған жиында депутаттар осындай ұсыныс айтты.

«Бұл заңсыз әрекеттерді азайтуға көмектеседі» дейді парламентарийлер. Сондай-ақ жиынға қатысушылар заң бұзушылардың көлігін тәркілеп, браконьерлерге салынған айыппұлдың 30 процентін инспекторларға сыйақы ретінде беруді ұсынды. Бұл қадам қорықшылардың ауыр еңбегін елеп, олардың тұрмысын сәл де болса түзеуге септесетін көрінеді.        

Сәкен Қаныбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Қару жарағы, қосымша көлігі - осының барлығын мемлекет мұқтажына тартып алу. Сол кезде мүмкін, жауапкершілік артады. Одан кейін әлеуметтік жағдайын жасау. Ол дегеніңіз айлығын көтеру. Үй мәселесін шешу. Оған қосымша көлігін, барлығын жасау.

Хабар 24 телеарнасы