427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада еңбекке жарамсыздық парағы мобильді қосымшамен тексеріледі

  • 1904
  • UPD: 22:19, 14.02.2019

Арнайы QR-код арқылы оны  қашан және кімнің бергенін анықтауға болады. Бұл алаяқтық жолмен ақша тапқысы келетіндердің жолын кеспек. Жұмыстағы тәртіпті көздейтін бұл жүйеге  ақауда Қостанай мен Талдықорған қалаларының медициналық мекемелері де қосылады. 

Бұған дейін жалған еңбекке жарамсыздық парағының болғанын жұмыс берушілер де, дәрігерлер де жоққа шығармайды. Оны тексеру барысында екі жақта әуре- сарсаңға түсетін. Мәселен, былтыр осыған қатысты қалалық полиция департаменті  60 факт тіркеген. Ал, қаңтар айынан бері мұндай деректер тоқтаған. Яғни QR-код тиімділігін көрсетті дейді жобаны жасаушылар. Құжат шын мәнінде тіркелген болса, сканерлегенде сәйкестендіру нөмірі мен науқас  туралы мәлімет шығады. 

Виталий Пустовойтенко, тұрақты даму орталығының IT- маманы:

-  Әрине бұл өте мәселе өзекті мәселе болғаны рас. Біздің жүйе іске қосылғанға дейін сайттарда хабарландырулар жиі жарияланып тұратын. Ал қазір ондай қызметтің түрі мүлдем тиылды десем де болады. Яғни нәтиже бар.

Маманның сөзін біз де тексеріп көрмек болдық. Ғаламторда ондай хабарландырулар түбегейлі алынып тасталды деуге әлі ертерек сияқты. Бұрынғыдай көп емес. Десе де бар болып шықты. Көзіміз шалған бірнешеуіне телефон шалып көріп едік, ешқайсысы жауап қатпады.

Лариса Броска, бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары:

- Бұған дейін уақытша жалған еңбекке жарамсыздық парағына қатысты дау-дамай бізде жиі болып тұратын. Тіпті ай сайын бірнешеуін анықтайтынбыз. Оның барлығын полицияға хабарлайтынбыз. Ал олар тексеру шараларын жүргізетін. Қазір мобильдік қосымша осы жұмыстарды әжептәуір жеңілдетті.  QR-код арқылы жұмыс беруші құжатты өздігінен тексере алады.

Жыл басынан бері қаладағы 8-емхананың өзінде мың жарымға жуық еңбекке жарамсыздық парағы берілген. Барлығында QR-код белгіленген. Бұл еңбекке жарамсыздық парағын өткен күнмен ашуға мүмкіндік бермейді. Әзірге аталған жоба елорданың емханаларында ғана жүзеге асырылып жатыр. 

Қарлығаш Қайыпбекова, тілші:

- QR-кодты қолдан жасау мүмкін емес. Ал оны жасаған күннің өзінде жалған кодты мобильді қосымша оқымайды. Дәрігерлер мен сарапшылар осылай дейді. Алдағы уақытта жоба іліміз бойынша жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

Бұған қоса әр кабинеттің QR-коды болады. Қазір Астананың бірқатар медициналық мекемесі бұл жүйеге қосылды.

Дәрігер сканерлеп көрсетіп бередіОнда дәрігер туралы толық ақпарат бар. Сауалнама арқылы маманның жұмысына баға беріледі. Кейін ол бүкіл емхана немесе аурухананың рейтингін жасауға  мүмкіндік бермек.

Олжас Сартаев, «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасы:

- Бұл денсаулық саласындағы цифрландыру жұмыстарының бір парасы ғана. Осының барлығы  ашықтықты және шынайылықты қамтамасыз етеді. Цифрландыру тұрғындардың жұмысын жеңілдетіп, жайлы өмір сүруге мүмкіндік береді дегім келеді.

Алдағы уақытта медициналық анықтамаларға QR код қою жалғасады. Бұған қоса цифрландыруға орай еңбекке жарамсыздық парағын электрондық форматқа көшіру де көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы