423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көп балалы отбасыларды қолдауды күшейту жөніндегі жұмыс тобысының отырысы өтті

  • 2575
  • UPD: 20:28, 14.02.2019

Үкімет үйінде Қазақстан азаматтарының табысын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көп балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында әлеуметтің әлсіз топтарына қолдау білдірудің қосымша тетіктерін әзірлеу мәселесі талқыланды. Бұл тұста, әсіресе, көп балалы отбасыларға басымдық берілмек. Ел Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру мен тұрмыс сапасын жақсарту — Елбасы Жолдауындағы басты бағыттардың бірі екенін атап өтті. Жұмыстың негізгі бағыты - мемлекеттің қолдауына мұқтаж көп балалы отбасыларға жәрдемақы төлеу тетігін жетілдіру. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 2019 жылы әлеуметтік салаға 4,8 триллион теңге бөлінетін болды. Бұл бюджеттің барлық шығындарының 45 процентін құрайды. Сонымен қатар, әлеуметтік сала шығыстарының үлесін одан әрі арттыру жұмыстары жалғаспақ.

Баян Ахметжанова, үкіметтік емес ұйым өкілі:

- Жұмыс тобына бірінші рет қатысып отырмын. Көңілімнен шығып жатыр ұсыныстар. Неге десеңіз, көп балалы жанұяларға көп көмек көрсетіліп жатыр. Біріншіден, менің көңілімнен шыққаны көп балалы аналарға жұмыс табу жолдарын көсретеміз деп шешілсе грант берілсе даняұлар енді өздерін көтереді деп ойлаймын. Үй туралы да айтып жатыр. Қандай шаралар қолданып жатыр. Жұмыс бабын айтып жатыр. Мектепке қандай көмек көрсететінін. Көп шаралар көтеріліп жатыр енді.

Хабар 24 телеарнасы