384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есіл өзенінің арнасын ластаған кәсіпорын айыппұл төлейді

  • 691
  • UPD: 21:25, 14.02.2019

Есіл өзенінің ескі арнасын ластаған солтүстік қазақстандық коммуналдық кәсіпорынға 30 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Қаңтар айының соңында балықшылардың бірі аталған мекеменің өзенге ағынсу төгіп жатқаны жайында шағым түсірген. Соның негізінде экологтар жоспардан тыс арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде мамандар өзеннің бұрынғы сағасына жалпы көлемі 154 мың текше метрге жуық су жіберіп, экологиялық заңнаманы бұзғандығын растаған. 

Азамат Бектасов, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

- Заң бұзушылық үшін әкімшілік кодексінің 328 және 332-баптарына сәйкес әкімшілік жаза қолданылды. Жалпы сомасы 150 мыңнан астам және қоршаған ортаға келтірген залалды есептеп, біз осы кәсіпорынға 30 миллионнан астам талап нұсқа қойдық.

Хабар 24 телеарнасы