389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде өткен еңбек жәрмеңкесі жастар жылына арналды

  • 761
  • UPD: 23:25, 14.02.2019
Ақтөбеде өткен еңбек жәрмеңкесі жастар жылына арналды

Мұнда 59 мекеме бес жүзге жуық жұмыс орнын ұсынған. Алдын-ала шақырту алып, жәрмеңкеге келгендердің көбі қалалық еңбекпен қамту орталығында есепте тұр. Арасында мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.

Сонымен бірге түзету мекемелерінде жазасын өтеп келгендерге де жұмыс ұсынылды. Жәрмеңкеде мамандар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының бағыттарын түсіндірді. Осы бағдарлама бойынша былтыр жүздеген адам қайта даярлаудан өткен. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қаржылай қолдау қорлары арқылы жеңілдетілген несие алып, кәсіп ашу жолдары айтылды. Жалпы, өткен жылы мұнда 18 рет еңбек жәрмеңкесі өтіп, мың жарым адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

Гүлнұр Тілеумағанбетова, облыстық жедел-жәрдем ауруханасының маманы:

- Қазіргі таңда қабылдау бөліміне, травмотология бөліміне және хирургия бөліміне мейірбикелер қажет бір-бірден. Және нейрохирургия, операция блогына, хирургия бөліміне кіші медициналық қызмектерлер қажет. Түйіндемелерді апарып, қазіргі таңда кадрлар бөліміне жолығуға болады

Алтынай Мақанова, қалалық еңбекпен қамту орталығы директорының орынбасары:

- Білім, құрылыс, қызмет көрсету, сауда бойынша әртүрлі мекемелер 467 бос жұмыс орынын ұсынуда. Бүгінгі жәрмеңкеге қаламызда өзін-өзі қамтушы азаматтар шақырылды. Сонымен қатар пробация қызметі есебінде тұрған, жазасын өтеп шыққандар азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру үшін бүгінгі жәрмеңкеге шақырып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы