386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда жол ережесін бұзған шетелдік көліктер ұсталды

  • 514
  • UPD: 15:23, 15.02.2019
Оралда жол ережесін бұзған шетелдік көліктер ұсталды

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде көлік құралдарына жеңілдетілген тәртіп енгізілгеніне бір жылдан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни 6 айдан соң кері шығу не уақытша тіркеу туралы ескі талаптар күшін жойды. Өз кезегінде Ресейдің 5 облысымен шектесетін Орал өңірінде шекараның арғы жағынан келген автомобильдер күрт көбейіп отыр. Еш жерге дерегі енгізілмей еркінсіген Ресей, Беларусь немесе армяндық  көліктер  ережені жиі бұзады. Тіпті, жол апатынан соң қашып жүрген жағдайлар да кездеседі. «Автоуроган» жедел кешенін жетілдіру арқылы күні бүгін жол тәртібін бұзған сондай 1027 жүргізушінің 393-і ұсталып, 5 миллион теңге өндірілген. Тек қаңтар айында айыппұлдан қашып жүрген 92 азаматтың темір тұлпары ақылы тұраққа қойылыпты.

Олжас Ибрайымов, облыстық Полиция департаментінің бөлім бастығы:

- Қазіргі кезде шетелден алып келіп жатқан автокөлік құралдары біздің елде уақытша тіркеуге қойылмайды, алдағы уақытта осы бойынша заңнама талаптарын кішкене оңтайландырылып, кезекті, өзекті жұмыстар басталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы