388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО елдерінде бірыңғай зейнетақы жүйесі пайда болуы мүмкін

  • 681
  • UPD: 15:23, 15.02.2019

2020 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде бірыңғай зейнетақы жүйесі пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл туралы Қырғызстан миграциялық қызметінің өкілдері хабарлады. Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары тиісті заңға биыл қол қоюы ықтимал.

Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай зейнетақы жүйесін құру туралы шешім 2016 жылы қабылданды. Мүше елдер өздерінің зейнетақы жүйелерін бүкіл одаққа ортақ талаптармен үйлестіру жұмысын бастап кетті. Себебі әр елде зейнетақы мөлшері мен оны жинау әдістері әртүрлі.  

Ұлан Шамшиев, ҚР Миграция бойынша мемлекеттік қызметтің бөлім меңгерушісі:

- Бұл жоба соңғы кезеңде деуге болады. 2019 жылы оған бүкіл елдер қол қояды деген үміттеміз. Еуразиялық экономикалық одақтың басты қағидасы тең құқықтық екенін білесіздер. Яғни кез келген құжатты барлық бес мемлекет құптамаса, ол қабылданбайды.

Одақтың ортақ еңбек нарығы көптеген адамды жұмыспен қамтыды. Бірыңғай әлеуметтік пен зейнетақы жүйесі құрылғаннан кейін одаққа мүше мемлекеттерде жұмыс табу жеңілдей түседі. Өйткені жұмысқа  мамандарды азаматтығына емес, біліктілігіне қарап алады. 

Бақыт Құдайбердиев, шетел азаматтарымен жұмыс істеу бойынша бөлім меңгерушісі:

- Қырғызстан одаққа кіргеннен кейін Армения, Беларусь, Қазақстан мен Ресей азаматтары бізден рұқсат қағаз алмайтын болды. Егер бұрын Еуразиялық экономикалық одақ азаматтары білім беру, медицина мен банк салаларында жұмыс істесе, қазір бұл көрсеткіш төмендеген.

Ел тұрғындарының көбі шетелде жұмыс істеп жүргені белгілі. Қырғызстанның одаққа кіруі осы азаматтардың жағдайын жақсартқаны анық. Сондай-ақ елге сырттан келіп жұмыс істейтіндер де әлеуметтік қолдауға ие болады.

Авторы: Бақыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы