389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО: еңбек мигранттары көп елдер анықталды

  • 711
  • UPD: 15:21, 15.02.2019
ЕАЭО: еңбек мигранттары көп елдер анықталды Aikyn.kz

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында еңбек мигранттарының саны бойынша ресейліктер мен қырғыз елінің азаматтары көш басында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Артынша Армения мен Беларусь Республикасы. Мәселен, өткен жылғы есеп бойынша Қазақстанда 25 мыңға жуық ресейлік қызмет еткен. Айырқалпақты ағайындардың саны 5 жарым мың болса, армениялықтар 3 мыңнан асты. Беларусь елінің азаматтары 1200-ге жуықтапты. Еңбек нарығы ірі саналатын Ресейде қырғызстандықтар көш ілгері келеді, шамамен 162 мың адам. Онан кейін 116 мыңға жуық армениялық, 68 мың Беларусь және 50 мың қазақстандық тіркелген. «Ал Армения, Беларусь пен қырғыз елдеріндегі көрсеткіш едәуір төмен», – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сарапшылары.

Хабар 24 телеарнасы