377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда тарифтер 20 пайызға дейін төмендетілді

  • 1015
  • UPD: 15:20, 15.02.2019
Атырауда тарифтер 20 пайызға дейін төмендетілді

Атырауда тұтынушылар үшін коммуналдық және монополист мекемелер тарифтер бағасын 2 пайыздан 20 пайызға дейін азайтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бұл монополист кәсіпорындардың өз еркімен жасаған игі ісі емес. Бұл Мемлекет басшысының қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау бағытында қолға алынған шаралар. Бірақ қызмет көрсету сапасын төмендемеуі тиіс. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша Атырау облыстық департаменті монополист мекемелердің өкілдерімен бірлесіп өткізген баспасөз мәслихатында осылай деп мәлім етті. Жылу желілері, жылу электр орталығы, су арнасы, көгілдір отынмен және электр энергиясын қамтамасыз етуші мекемелердің барлығы бірауыздан қолданыстағы тарифтерін төмендетті. 

Жанар Дәрібаева, Табиғи монополияларды реттеу  департаментінің бас маманы:

- Оның ішінде ең көп төмендетілген тариф «Энергия сату» ЖШС-не болатын, яғни бұл жеке тұлғаларға 5,31 теңгеден 4,35 теңгеге дейін төмендетілді. Яғни бұл 20 процентті құрап отыр. Ал заңды тұлғалар үшін 17,96 теңгеден 17,10 теңгеге азайтылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы