386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде әлеуметтік терезе жүйесі іске қосылады

  • 1367
  • UPD: 15:16, 15.02.2019

Ел өңірлерінде бірыңғай әлеуметтік терезелер жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналар мемлекет және кәсіпкерлер тарапынан көрсетілетін көмекке ие болады. Тың бастаманы «Нұр Отан» партиясы қолға алып отыр. Әлеуметтік терезелер саяси ұйымның қоғамдық қабылдау орындарында орналасады. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жаңа жүйенің жұмыс істеу механизмі елдік мүдде жолында күш біріктіруге бағытталған.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы жанында жақында балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес құрылған болатын. Елбасы тапсырмасымен бұл орган көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету жолдарын жақсартып, өскелең ұрпақ құқығын қорғауды міндеттеді.

Хабар 24 телеарнасы