384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ХҚКО-да кембағал жандарға арналған көліктер көбейеді

  • 579
  • UPD: 15:16, 15.02.2019
ХҚКО-да кембағал жандарға арналған көліктер көбейеді

Еліміздегі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кембағал жандарға арналған көліктер көбейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар қазір қолданыста 146 темір тұлпардың барын айтады. Биыл солардың санын екі есеге жеткізу көзделіп отыр. Өйткені соңғы кезде елімізде көлік тізгіндегісі келетін мүмкіндігі шектеулі жандардың саны артыпты. Алайда жүргізуші куәлігін беретін орталықтарда мүгедектерге шақталған темір тұлпарлар тапшы екен.

Әсемгүл Балташева, «Азаматтарға арналған үкімет» МК төрағасының орынбасары:

- Біз мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көліктер кейбір өңірге жетпей қалған жағдайда, оларды жалға алу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Өйткені мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат барлық аймақты арнайы темір тұлпарлармен қамтуға жетпей қалуы мүмкін.        

Осы ретте мамандар көптеген тұрғындардың мемлекеттік қызмет түрін электронды түрде алуға енжарлық танытатынын айтады. Былтыр электронды үкімет арқылы тек 5 мың көлік тіркелген екен. Жиырма мыңға жуық адам жүргізуші куәлігін алған. Көбі делдалдардың көмегіне жүгінетін көрінеді. Осының кесірінен жемқорлық деректері жиілеп кеткен.

Елдар Үйсімбаев, ҚР МҚЖҚКА департамент директоры:

- Ақтөбе облысында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері жауапқа тартылды. Күдікті шартты түрде екі жылға  сотталды. Делдалмын деп орталыққа келген адамдарды алдайтындар көп. Сондықтан олардан аулақ болуды ескертеміз. Негізінен мемлекеттік қызметті электронды түрде алған әлдеқайда жеңіл.   

Хабар 24 телеарнасы