386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында 350 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

  • 549
  • UPD: 15:16, 15.02.2019
Ақтөбе облысында 350 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Ауыл шаруашылығына бөлінген жер телімдері тиімді пайдаланылмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жекелеген қожалықтар шабындықтар мен егіс алқаптарын қаңыратып қойған. Сәйкесінше мал азығы мен дәнді-дақылдардың түсімі тиісті деңгейден төмен. Тек Ақтөбе облысының өзінде қол қусырып отырған қожалықтардан 350 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Олар енді дән сеуіп немесе мал азығын даярлауға әзір отырған серіктестіктерге беріледі. Бұл қадам әдеттегідей аукцион арқылы жүзеге асырылатын болады.

Асланбек Шүйіншалиев, Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары:

- Былтығы жылы бізде шаруашылықтар тарапынан 6 жарым мың гектар пайдаланылмаған. Оның барлығы сотқа беріліп, шаруашылықтардан қайтарылды. Былтырғы жылы біз қайтадан оны айналымға бердік.

Хабар 24 телеарнасы