424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында қызыл су басу қаупі бар 33 елді мекен ТЖҚ бақылауында

  • 1282
Қарағанды облысында қызыл су басу қаупі бар 33 елді мекен ТЖҚ бақылауында

Қарағанды облысында қызыл су басу қаупі бар 33 елді мекенді төтенше жағдайлар қызметі бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде қардың орташа қалыңдығы – 19-20 сантиметр. Алдын алу шаралары барысында ағысы қатты Нұра және Шерубай-Нұра өзендеріндегі су қоры өлшенген. Нәтижесінде Нұраның кей аумағында ылғал мөлшері көрсеткіштен 55 процентке жоғары екені анықталды. Жалпы 2015 жылдан бастап облыста 180 шақырымнан астам бөгет салынып, су жайылуы мүмкін жағалаудың 46 шақырымы нығайтылған. Биыл өңірдегі көктемгі су тасу маусымына дайындық және апаттың алдын алу жұмыстары үшін бюджеттен 1 миилиард 900 миллион теңге қарастырылды. Құтқару және басқа да жедел шаралар үшін күштік құрылымдар мен жергілікті билік тарапынан 7 мың адам жасақталып, 2665 техника әзірленген. Синоптиктердің болжауынша, ақпанның екінші жартысында облыс аумағында күн жылына бастайды.

Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

– Аса қауіпті деген жерлерде инженерлік жұмыстар бұрын жасалған болатын. Ал 33 елді мекен аса қауіпті емес. Оның басындағы инженерлік жұмыстар 2019-2020 жылдарға жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы