383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дариға Назарбаева: Тұрғындарды таза ауызсумен қамту мәселесіне мән беру керек

  • 527
  • UPD: 20:27, 15.02.2019

Мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктер көктемгі су тасқынын қадағалауды қиындатып жібереді.

Тіпті соның салдарынан кей жерде жағдай ушығып кетеді. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басқосуында Дариға Назарбаева осындай мәселе көтерді. Сенатордың пікірінше, өкілетті органның толықтай жабдықталмауы, мамандардың жетіспеушілігі, гидрометерологиялық қызметтің дұрыс қаржыланбауы – ерекше көңіл аударатын мәселе. Сондай-ақ гидротехникалық құрылыс жобасына да мән беру керек. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 29 гидротехникалық нысанның әлі күнге иесі жоқ. Бұл аздай, соңғы 3 жылда апатты алдын ала ескертетін жүйені жаңғыртуға Атырау, Маңғыстау, Қостанай облыстары қаражат бөлмеген. Ал ғалымдар мәселені шешу үшін ең алдымен суды басқару статусын жоғарылату керек деп санайды. Ол үшін Президент жанындағы ұлттық су кеңесін және Үкімет жанындағы су ресурстары агенттігін құру керек деген пікірде. Бұл ұсынысты Дариға Назарбаев қолдап, «барша депуттатық корпус болып осыған қол жеткізуіміз керек», – деді.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Бұл мәселелерді біз былтыр да талқылағанбыз. Біздің комитет тиісті ұсыныстар берді. Осы уақыт ішінде атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істедік. Сенат депутаттарының берген ұсынысы бойынша қандай жұмыс атқарылғанын қадағалап отырдық. Біз бұл мәселені стратегиялық тұрғыда да қарастыруымыз керек. Мемлекеттің су ресурстарын қорғап, оның тазалығын сақтап, халықтың игілігіне пайдалану қажет. Аграрлық секторды дамытып, тұрғындарды таза ауызсумен қамту мәселесіне де мән беру керек.

Хабар 24 телеарнасы