432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздық полицейлер иіс тиген екі адамды құтқарып қалды

  • 1215
  • UPD: 19:44, 15.02.2019
Тараздық полицейлер иіс тиген екі адамды құтқарып қалды

Таразда полицейлер ерлі-зайыпты екі тұрғынды өлім аузынан аман алып қалды.

Оқиға Шөлдала алқабындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 50 және 52 жастағы тұрғындар көмірмен жылытылатын пештен шыққан улы газға уланып қалған. Шақыртуға жол-патрульдік полиция қызметкерлері жетіп, жедел түрде үй иелерін терезе арқылы алып шыққан. Абырой болғанда екеуі де дін аман. «Санаулы минуттарға кешіккенде, қос тұрғын бақилық болар еді», – дейді тәртіп сақшылары. Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға жеткізіліп, медициналық жәрдем көрсетілді.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы