420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілісте жерді тиімді пайдалану мәселелері талқыланды

  • 2425
  • UPD: 22:14, 15.02.2019

Мәжілісте ауыл шаруашылығы мақсатында берілетін жерді тиімді пайдалану мәселесі талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғам қайраткерлері мен депутаттар жерге мемлекеттік меншікті сақтай отырып, ауылшаруашылығы жерлерін жалға беру институтын жетілдіру керектігін атап өтті. «Осы ретте жалға беру құқығы ашық электронды түрде, бастысы тек қана Қазақстан азаматтарының арасында және тек қазақстандық заңды тұлғалармен жүзеге асырылуы тиіс», - деді депутаттар. 

Өмірзақ Шөкеев, -ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі:

– Жалға беру механизмін жетілдіру керек. Ол үшін жалға берілген жердің айналымынан шектеулерді алып тастау керек. Екінші мәселе, ауыл шаруашылығында қазір 8 салық бар. Сол салықтың бәрін біріктіріп, бірыңғай аграрлық салық ендіру керек. Үшінші мәселе, жерді тиімді пайдаланып жатыр ма, тиімсіз пайдаланып жатыр ма? Мүлдем пайдаланылмай жатыр ма? Соның бәріне субъективті түрде баға беріледі.

Мұхтар Тайжан, экономист, сарапшы:

– Біздің ұсынысымыз біріңғай аграрлық салықтықты енгізу. Яғни жерді алдың ба? Сол жылдан бастап салық төлейсің. Өйткені бүгінгі таңда жерді алған кезде салық өте аз болады. Жоқ деп айтуға болады.

Сондай-ақ жерді пайдаланудың барлық процестеріне қатаң бақылау жасау үшін ғарыштан мониторинг жасауды заңдастыру ұсынылды. Жаңа технологиялардың көмегімен, ғарыштан түсірілген суреттер арқылы жердің пайданылуына әділ баға беріледі деген мақсат бар.

Сапархан Омаров, ҚР Парламенті Мәжілісі аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы:

– Бүгін жасалған ұсыныстардың барлығы қаралады. Мен әсіресе «Жер туралы кодекске» жер шетелдік азаматтарға немесе шетелдік компанияларға жекеменшікке және жалға берілмеуі туралы шешімге ешқандай өзгерістер енгізілмейтіні туралы атап өткім келеді.

Хабар 24 телеарнасы