425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да әлеуметтік жағдайы төмен 582 отбасы баспаналы болмақ

  • 2130
ШҚО-да әлеуметтік жағдайы төмен 582 отбасы баспаналы болмақ

Шығыс Қазақстан облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балалар балабақшаға тегін барады, коллеждерде ақысыз білім алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ оларға мектеп формасын сатып алуға 500 миллион теңге бөлінеді. Көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларымен кездескен облыс әкімі Даниал Ахметов осы шешімдер туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының XXII конференциясында мәлімдеді. Ең бастысы, биыл әлеуметтік жағдайы нашар 582 отбасы баспаналы болмақ. Өңірде қазір 90-ға жуық көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Жалға беру мақсатында 10 үй бой көтереді. Жеке тұрғын үйлер салуға қажетті инфрақұрылымы бар жер телімдері де әзірленген. 

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

– Қайырымдылық жасауды ұмытпауымыз керек, бірақ өмір сүруге қажетті тетіктерді ұсыну да – ұтымды қадам. Сол себепті қаржыландыру кепілдігі мен несиелеуді іске асыру керекпіз. Білім туралы заңның 8-бабы бойынша көпбалалы отбасыларға қол ұшын созып, қолдау көрсетуге толық мүмкіндігіміз бар, оның ішінде білім алуға кететін кей шығындарды өтеп беру мүмкіндігін де айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы