389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіледі

  • 966
  • UPD: 23:42, 16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша кешенді шаралар қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір аймақта 5 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 12 мыңнан астам отбасы бар. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша облыста 5,5 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Жалпы, өңірде әлеуметтік мәселелерге бюджет қаржысының 53 проценті жұмсалады. Бұл – 94 миллиард теңге. Өңір тұрғындарымен болған есептік кездесуінде облыс әкімі Алтай Көлгінов көпбалалы аналардың мәселесін шешу мақсатында «Бақытты отбасы» жобасы жүзеге асырылатынын атап өтті. Осы жоба аясында аналар үшін арнайы сауалнама жүргізіледі. Соңғы екі аптада өңір билігі 2 мыңнан астам көпбалалы ананы қабылдап, оларды толғандырған мәселелерді тыңдаған.

Алтай Көлгінов, облыс әкімі:

- Кешелі бері кездескен азаматтармен, көпбалалы отбасылармен мәліметтерін бәрін жазып отырмыз. Бірде-бір отбасы қараусыз қалмайды, ол Президенттің бақылауында тұр.

Шынар Ихсанова, қала тұрғыны:

- Біз сияқты аналарды қуантатын нәрсе біздің қалада да Отбасы деген сайт ашылып, сол сайтта көпбалалы аналардың мұң-мұқтаждарын, сұрақтарын, ұсыныстарын қарап, сол бойынша жұмыс жүргізетінін айтты. Бұл біз сияқты аналарға қуаныш сыйлайды, өйткені біз тікелей сайтқа жазу арқылы өзіміздің мәселелерімізді шеше аламыз дейміз.

Хабар 24 телеарнасы