429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында 500 шақырым жол жөнделеді

  • 1632
  • UPD: 23:41, 16.02.2019
Ақтөбе облысында 500 шақырым жол жөнделеді

Биылдыққа Ақтөбе облысында 500 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр 35 млрд теңгеге 404 шақырым жөнделген еді. Ақтөбе мен Атырауды Ресейдің Астрахань облысымен байланыстыратын күре жол қайта салынып жатыр. Өткен ғасырдың орта тұсында төселген тасжол бұған дейін күрделі жөндеу көрмеген. Ақтөбе қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін 330 шақырым жол жаңғыртылады. Құны 95 млрд теңге болатын ірі жоба Орталық-Батыс жолының бір бөлігі. Ел мен елді қосатын магистраль «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Облыс орталығының өзінде 30 шақырым жол жөнделеді. Әсіресе қала маңындағы елді мекендердің ішкі жолдары қалыпқа келтіріледі. Батыс-2 шағынауданындағы 2 бірдей даңғыл 6 жолақты болып кеңейтіледі. Қала жолдарын жөндеу жұмыстарына 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Аязбай Османғалиев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- 2025 жылға дейін бүкіл Ақтөбе облысының маңызды жолдарын асфальттап, қанағаттанарлық қыламыз. 53 пайызы қазір жақсы. Келесі жылы 59-ға жеткізсек, ар жағында 2022-2025 жылдары 90 пайызға жеткіземіз. Қобда-Мәртөк жолын бастадық, республикалық маңызды Ақтөбе-Мақат жолы жасалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы