419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдағы тұрғын үйлердің 70%-ның тозығы жеткен

  • 1166
  • UPD: 20:08, 17.02.2019

Орал қаласындағы тұрғын үйлердің 70% тозығы жеткен. Қыс басталғалы 5 үйдің төбесі құлапты. Ал шаһар басшылығы шатырға салмақ түспеу үшін, қарды тұрақты тазалап тұру керек дейді. ПИК басшылары болса ара-тұра құрылысшы-альпинистер жалдай беруге қол қысқа екенін алға тартады. Тұрғын үй саласындағы осы тектес мәселелерді шешуге енді жаңа заңның көмегі тиюі тиіс. Мәжілісте талқыға түскен «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы туралы» заң жобасынан көпшілік не күтеді? 

Еуразия даңғылындағы 56-үйдің шатыры қирағанына жарты ай болған. 40 жылдан бері ауыстырылмаған белағаштар биылғы қалың қарды көтере алмаған сыңайлы. Енді тұрғындар төбемізден су кете ме деп үрейленіп отыр.

Вера Решицкая, қала тұрғыны:

- 78 жылдан бері тұрамыз. Шатыр осы мерзімде бір де бір рет жөнделген жоқ. Осы қаңтар айының аяғында екі подьездің төбесі құлады. Білмейміз, күн жылығанда қалай боларын.

Үйдің шатыры уақытша жамап-жасқалмақ. Жаңғырту жұмыстары жаз шыққан соң жүреді. Бұл қалалық әкімдіктің айтқаны. Ал пәтер иелері кооперативтері күрделі жұмыстарға қауқарсыз. Себебі тұрғындардан жиналар жарна мардымсыз. Оралда ПИК-терге төленер қаржы орташа алғанда шаршы метріне 25 теңгеден келеді.

Юрий Красноштанов, ПИК жетекшісі:

- Біздің кооперативте 20 үй бар. Соның арқасында жан бағып отырмыз. Әйтпесе тұрғындар төлейтін ақша өте аз. Басқа тартса, аяққа жетпейді. Аула сыпырушыларға 30-40 мың теңге, электрикке 70 мың ғана жалақы төлейміз. Одан артық өсіре алмаймыз. Ауқымды жұмыстарға қосымша қаржы жинамай, күшіміз жетпейді.

Тұрғындар төлейтін ақша көлемін кооперативтер көбейтейін десе де көбейте алмайды. Себебі, бұл мәселе ортақ жиналыста шешіледі. Тұрғындар болса талқылауға қатыспайды, келсе де бағаны көтеруді құп көрмейді. Ал 97 жылға дейін тарифті бәріне бірдей қып, мәслихат белгілеп келіпті. Енді жаңа заң жобасында осы мәселе ескерілмек. 

Нұрлан Шабдаров, Пәтер иелері кооперативтері қауымдастығының төрағасы:

- КСК міндетіне жататын жұмыс түрлерін белгілеу. Соны жергілікті билік органдары немесе мәслихат, бір өкілетті орган белгілесе деген жобада бар. Ең төменгі тариф шеңберін бекіту де жергілікті билік органдарына беріледі деген жобада бар.  Басты енді күтіп жүргеніміз сол. 

Жаңа заң жобасында сондай-ақ кондоминиумдарды тіркеуді жеңілдету, мүлік иелерінің жауапкершілігін арттыру жайы да қарастырылыпты. 

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Р. Ғазезов

Хабар 24 телеарнасы