422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Текелі кен байыту фабрикасына жұмысқа жастар көптеп тартылуда

  • 1777
  • UPD: 20:08, 17.02.2019

Текелі кен байыту фабрикасы іске қосылғалы өндіріске жас мамандар көптеп тартыла бастады. Қазір онда мыңға тарта адам жұмыс істейді. Соның төрттен бірі жастар. Жергілікті атқарушы билік пен зауыт басшылығы оларды қайта оқытып мамандыққа баулиды, тіпті алдын баспанамен қамтып та жатыр.

Заманында атағы дүркіреп тұрған Текелі кен байыту фабрикасын аяғынан нық тұрғызу үшін жан-жақтан білікті мамандар шақыртылып жатыр. Мәселен, комбинаттың бас инженері Теміртаудан келіпті. 

Андрей Слоновский, комбинаттың бас инженері:

- Мен Теміртаудағы үшінші пешті қалпына келтіру жұмыстарына қатыстым. Сондағы мердігер компания өкілдерінің шақыртуымен осында бас технолог болып келдім. Комбинат директоры Текеліде қалып, жастарды үйретуімді өтінді. Жұмысым жаман емес, өзіме ұнайды.

Ал Текеліде туып-өскен Мақсат Заманбековтың негізгі мамандығы бағдарламашы. Ол өз мамандығы бойынша жұмыс істеуден саналы түрде бас тартып, әке жолын қууға бел байлағанын айтты. 

Мақсат Заманбеков, домна пеші шеберінің көмекшісі:

- Әкем де мұнда істеген. Ол «осы жұмыстың саласын меңгер» деп ақыл айтты. Сосын Теміртауға барып оқыдым осыны. Теміртауда 3 ай оқыдым горновой мамандығын. Қазіргі таңда сырттай оқып жатырмын, биыл бітіремін.

Мақсат сияқты ұрпақ сабақтастығын жалғастырып, металлург болып жұмыс жүрген жастар мұнда аз емес. Домна пешінің шебері Евгений Некрасов Текеліге көршілес Ресейдің Тула қаласынан ауысып келген.

Евгений Некрасов, домна пешінің шебері:

- Уралда, Орталық Ресей мен Украинада жұмыс істедім. Шынымды айсам, мен ешбір жерден дәл мынандай өндіріс ошағын көрген жоқпын. Жас метталлургтарды баулу азаматтық парызым деп есептеймін. Айта кететін тағы бір нәрсе бар, маған Текелінің табиғаты қатты ұнады.

Алдағы мамыр айында Текелі кен байыту комбинатының екінші домна пеші іске қосылады. Сол уақытта жұмысшылар саны 1200-ге жетеді. Өндіріс ошағы толық қуатына көшкен соң мұнда тәулігіне 550 тонна шойын өндіріледі. Қазіргі қуаттылығы 250 тонна. Оны қайта қалпына келтіруге 20 миллиард теңге көлемінде инвестиция құйылды. Зауыт өткен жылдың қазан айынан бері 7 миллион доллардың өнімін өндірген.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы