389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысының бидайы 24 мемлекетке экспортталған

  • 726
  • UPD: 15:32, 18.02.2019
Қостанай облысының бидайы 24 мемлекетке экспортталған

Сыртқы нарықта қостанайлық астыққа деген сұраныс жоғары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылы 2 миллион тоннадан асатын бидай әлемнің 24 мемлекетіне экспортталған. Биыл бұл тізімге Израиль, Бангладеш, Финляндия елдері қосылады. Сондай-ақ Тобыл өңірінің ұн тартушылары былтыр 9 мемлекетке 940 мың тонна өнімді өткізген. Бүгінде облыста ұн өндіретін 80-ге тарта диірмен бар. Олар үшін шетелдік нарық қашан да ашық. 

Нұрсұлтан Қабделов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- 940 мың тоннаның жартысынан көп бөлігі Ауғанстан мен Өзбекстанға тиесілі. Биыл 77,3 мың тонна ұн экспортқа шығарылды. Соның 59,8 мың тоннасы Ауғанстан мемлекеті болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы