384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық диқандар 4 млн 700 мың гектар жерге дән себеді

  • 443
  • UPD: 15:30, 18.02.2019
Қостанайлық диқандар 4 млн 700 мың гектар жерге дән себеді

Қостанай облысында егіс науқанына дайындық қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы көктемгі дала жұмыстарында аймақ диқандары 4 млн 700 мың гектар жерге дән себеді. Алқаптарға рапс, күнбағыс, зығыр сияқты майлы дақылдар егіледі. Егістік жерлерінің шамамен 4 миллион гектары әртараптандырылады.

Естеріңізге сала кетсек, былтырғы күзгі жиын-терімде облыс қамбаға 5 миллион тоннадай астық құйған.

Нұрсұлтан Қабделов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы: 

- Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың алаңы 46 мың гектарға өседі. Мал азықтық дақылдардың көлемі 25 мың гектарға, картоп алқабы 245 гектарға және 129 гектарға көкөніс алаңдары артады.

Хабар 24 телеарнасы