384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық диқандар көктемгі дала жұмыстарына дайындықты бастады

  • 705
  • UPD: 15:31, 18.02.2019
Қарағандылық диқандар көктемгі дала жұмыстарына дайындықты бастады

Биыл өңірге қар қалың түсті, сондықтан жерде ылғал жеткілікті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ мол өнім алу үшін бұл аздық етеді. «Егін шаруашылығына цифрлық технологияны енгізгенде ғана үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады», – дейді мамандар. Ал оны қалай жүзеге асыру қажеттігі жайлы кенді шаһарда өткен семинар-кеңесте агротехникалық университет ғалымдары фермерлерге жан-жақты түсіндірді. Жалпы, өткен жылы еліміз бойынша егін салатын ең ірі 9 шаруа қожалығы сандық жүйеге көшсе, соның екеуі Қарағанды облысында орналасқан. Қанатқақты жоба аясында 1500 гектар алқапқа дәнді-дақыл сіңірген қос диқан күзде бұрын-соңды болмаған мол өнім жинады. Бидайдың түсімі шамамен әр гектарына 50 центнерден айналды. Бұл – ауыл шаруашылығы саласын цифрландырудың жемісі. Әуелі егістік алқаптың электронды картасы жасалады. Яғни нақты көлемі мен топырақтың құнары анықталып, кейін барлық дерек спутник арқылы бидай себетін кешендерге жіберіледі.

Қайрат Айтуғанов, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің ректоры:

- Ауылшаруашылық министрлігі арқылы 1 миллиардтан астам көлемде ақша бөлінді. Үш жылдың ішінде осы цифрлық технологияны соған енгіземіз. Қазір осыған сұраныс көп. Қазір шаруа қожалықтары өз қаражатын төлеп келісімшартқа отырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы