383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңірінде 178 мың гектар алқапқа дән себіледі

  • 464
  • UPD: 15:30, 18.02.2019
Сыр өңірінде 178 мың гектар алқапқа дән себіледі

Қызылорда облысының шаруалары көктемгі дала жұмыстарына дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолдағы техникалар жаңаланып, жөнделу үстінде. Жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер қоры жасақталып жатыр. Ағымдағы жылы Сыр диқандары 178 мың гектар алқапқа дән сеппек. Оның жартысына күріш, қалғанына мал азығы мен бау-бақша дақылдары егіледі. Биыл сондай-ақ майлы дақылдарға баса мән берілмек. Мәселен, Қармақшы ауданының «Тұрмағамбет» және «Жаңа жол» шаруа қожалықтары 40 гектардан соя өсіруді жоспарлап отыр. Жетісу өңірінен «Жансая» сортының 6 тоннадай тұқымы әкелінді. Күрішке қарағанда суды аз мөлшерде қажет ететін сояның өтімділігі мен пайдасы да шаш етектен көрінеді.  

Сұлтан Мақашов, Қармақшы ауданының әкімі:

- Бұл бағытта Алматыдағы осы дақылды өсіріп жатқан шаруашылықтармен біз келісім жасағанбыз. Егуден бастап соңына дейін сүймелдеу жұмысын жүргізеді. Егер дақыл ойдағыдай жерсініп, жақсы өнім беретін болса, біз келешек осы дақылға бетбұрыс жасаймыз. Әрине, біз бүгінгі нарықтағы сатылу бағасын зерттеп отырмыз. Өте тиімді, жоғары бағада сатылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы