389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да эпидемиологиялық жағдай тұрақты

  • 531
  • UPD: 07:12, 19.02.2019
СҚО-да эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиялық маусым басталғалы бері жиырма мыңнан астам адам жедел респираторлы вирустық инфекция жұқтырған. Ал 83 адамға тұмау диагнозы қойылып отыр.

Айта кету қажет, сырқаттанғандардың жартысынан астамы 14 жасқа дейінгі балалар. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандары бұл ретте  алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр. Өйткені өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Оның үстіне сәйкесінші мерзіммен салыстырғанда тұмауратқандар көрсеткіші -3,2 процентке азайған.  Ал облыс халқының 12,6 пайызына екпе қойылған екен. 

Айнаш Сағандықова, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бөлімінің бас маманы:

- Жағдай тұрақты. Ешқандай қауіп жоқ. Және де осы шекаралас Түмен, Омбы, Қорған облыстарымен меморандумдар жасалды. Осы жіті респираторлы вирустық инфекцияның және тұмаумен байланысты ақпаратпен алмасып тұрамыз.

Хабар 24 телеарнасы