378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысындағы ауылда коворкинг орталық ашылды

  • 619
  • UPD: 11:56, 19.02.2019

Маңғыстау облысындағы Басқұдық ауылдық округінде коворкинг орталық ашылды. Бұған дейін жергілікті билік өкілдері жалға берілетін кешен іздеп, ауыл кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізген.

Кейін жоспар өзгеріп, әкімдік ғимаратынан арнайы кабинет бөлінді. Енді мұнда еріктілер аптаның жұмыс күндері бас қосады. Жұмыс кестесін түзіп, жоспарлы шараларға әзірленеді. Былтыр олар 20-ға жуық жағдайы төмен отбасыға әлеуметтік көмек көрсеткен. Биыл бұл көрсеткішті екі есеге көбейтпек. Сондай-ақ елдімекенді дамытуға бағытталған бастамаларын әкімге тікелей ұсынуға мүмкіндік алып отыр.

Қайрат Сәрсенбаев, Коворкинг Орталықтың Жетекшісі:

- Коворкинг орталығы ашылмастан бұрын ауыл жастарының жұмысы ретінде қайырымдылық іс-шараларын атап өтсек болады. Жылдың бірінші тоқсанында ауылдағы аз қамтылған 3 отбасыға көмек берілді. Одан кейін тағы 4 отбасыға азық-түлік, киім-кешек алынып берілді. Онымен қоса ұстаздардың көмегімен оқушыларға киім-кешек пен мектеп құралдары алынып берілген болатын.

Асылжан Темірәлиев, мемлекеттік қызметші:

- Жастардың шоғырланатын жер жоқтығы үлкен мәселе болып келді. Осы күні жастар жылына сәйкес коворкинг орталығы ашылып, осы мәселенің шешімі өз орнын тапты. Ойлана келе әкімдіктен ашылғанын жөн санадық. Жастарға тиімділігі әкімнің қасында. Яғни әрбір жас өз идеясын құрып, ақылдасқан соң әкімге ұсынады. Әкім келіссе сол жерде шешім қабылданып, жұмыстың жүруі басталады.

Хабар 24 телеарнасы