389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы конференцияда ТМД дәрігерлері тәжірибе алмасты

  • 721
  • UPD: 12:10, 19.02.2019

Медицина саласындағы ақылды құрылғыларды игеру - уақыт талабы. Бұл туралы Алматыда өткен бауырды дәрі-дәрмекпен емдеу туралы халықаралық конференцияда айтылды.

Жиында ТМД елдерінің дәрігерлері өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, ақ халаттылардың біліктілігін арттырып, заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізудің маңызы айтылды. Өйткені, цифрлық технология дамыған ғасырда диагностикалық құрылғылар жыл сайын жаңарып отырады. Ал, бәсекеге қабілетті болу үшін әрбір медицина қызметкері онымен жұмыс істей білу қажет, деді конференцияға қатысушылар. Айта кетейік, өткен жылы 500-ден аса дәрігер Кореяда біліктілігін арттырып қайтқан.

Арай Төлемісова, халықаралық дәрігерлер білімін жетілдіру институтының ректоры:

- Қазір бізде жеке клиникалар көбейіп келе жатыр. Олардың бір-бірінен несі жақсы? Олардың сапалы дәрігерлеріне байланысты, олардың диагностикалық құрылғыларына байланысты. Ондайлар көп болса, сапа талап ететін болса, бір бірін жеңіу үшін тырысады.

Хабар 24 телеарнасы