389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Абаев журналистерді аккредитациялау тәртібіне қатысты түсініктеме берді

  • 866
  • UPD: 13:58, 19.02.2019

Ақпарат және коммуникациялар министрі журналистерге аккредитация беру шарттарын күшейту ұсынысына қатысты түсініктеме берді.

Естеріңізде болса, ақпанның 13-і күні Нормативтік құқықтық актілер электрондық базасында осы мәселеге байланысты тиісті бұйрық жобасы жарияланды. Оған сәйкес, тілшілерді іс-шараларға аккредитациялау ережесі қатаңдатылуы мүмкін. Мәселен, бұл құжатта журналистерді қандай да бір шараға тіркеген кезде, олардан еңбек келісім-шарттының көшірмесі талап етіледі. Сондай-ақ іс-шарадан хабар дайындайтын тілші аккредитация беруші мекеменің ішкі тәртібіне бағынуға және модератор белгілеген регламенттің сақталуына жазбаша келісім беруі міндетті. Алайда бүгін Дәурен Абаев бұл тармақтарды қайта қарастырып, бірқатарын алып тастауға уәде берді. Министр аталған бұйрық жобасын журналистер қауымымен бірге талқылауға дайын екенін де жеткізді.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Модератормен келіспеген жағдайда журналисті аккредитациядан алып тастау мәселесі бойынша формилировкасын өзгертеміз деп ойлаймын. Ол дұрыс емес. Екіншіден, келісім-шартты да алып келу мәселесі бойынша да біз бұл жерде қарастырамыз. Өйткені бұл журналистердің міндеті болмауы керек. Бұл редакция мен пресс-службаның міндеті болуы керек. Сондықтан ешандай қорықпауға болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы