387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік қызметтердің 80 проценті электронды форматқа көшіріледі

  • 700
  • UPD: 13:59, 19.02.2019

Биыл еліміздегі мемлекеттік қызметтердің 80 проценті электрондық форматқа көшіріледі. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен жиында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Ведомство басшысы осы жылы бір цифрлық және 5 көші-қон халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу көзделіп отырғанын айтты. Бұл – тұрғындардың уақытын үнемдеп, қажет қызметті лезде алуларына сеп болмақ.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру жұмыстары да жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 752 көрсетілетін қызметтің 506 түрі автоматтандырылды. Яғни қызмет көрсету уақытын  40% қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл орта есеппен алғанда 12 күннен 7 күнге дейінгі мерзім. Сонымен қатар қағаз айналымы 60 миллион анықтамаға дейін қысқарған. 

Былтыр «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаражат толықтай игерілген екен. Қаржының дені тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы саласын цифрландыруға жұмсалған. Нәтижесінде, кәсіпорындардың табысы молайып, өнім көлемі ұлғайыпты. Осы күні агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың 5 түрі электрондық форматқа ауыстырылған. Бұл қадам бармақ басты, көз қыстыдан арылуға септігін тигізіп отыр. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі: 

- Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру аясында еліміздің 14 пилоттық шаруашылығында нақты егіншілік элементтері енгізілген. Осылайша фермерлердің шығындары орташа есеппен 15-20% азайып, астық өнімі 2,5 есеге артты.  2019 жылы смартфермаларды 500 шаруашылыққа дейін жеткізу жоспарланған. Мысалы үшін «Бараева» ғылыми-өндірістік орталығы операциялық шығындарын 20% төмендетті. Бұл 250 миллион теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.  Жалпы айтқанда қазіргі уақытта 65 миллион гектар жер цифрланды.

Хабар 24 телеарнасы