384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеул мэрі «Астанаға 20 жыл» медалімен марапатталды

  • 400
  • UPD: 16:12, 19.02.2019
Сеул мэрі «Астанаға 20 жыл» медалімен марапатталды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапатын Пак Вон Сун мырзаға Корея Республикасындағы елші Бақыт Дүйсенбаев тапсырды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев марапаттау туралы жарлығына өткен жылдың 20 маусымда қол қойған болатын. Бірақ дәл сол кезде Оңтүстік Кореяда қалалар және провинция басшыларының сайлауы болды. Пак Вон Сун Сеул басшылығына қайтадан сайланды. «Астанаға 20 жыл» медалі Қазақстанның және елорданың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан азаматтарына табысталады. Сеул әкімшілігі Астана, Шымкент, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облысы және тағы басқа  өңірлермен тығыз байланыс орнатқан. Қазақстандық делегациялар смарт сити, төтенше жағдайлардың алдын алу жүйелерімен таныстыру үшін бірнеше рет Сеул әкімдігінде болды. Кездесу барысында Қазақстан елшісі Сеул мэріне он алтыншы-он жетінші мамырда өтетін Астана экономикалық форумына қатысуға ресми шақыру хатын тапсырды.         

Пак Вон Сун, Сеул қаласының мэрі:

- 2004 жылы Астана мен Сеул бауырлас қалаларға айналды. Биыл біз осы тарихи оқиғаның он бес жылдығын атап өтеміз. Ежелде Ұлы Жібек жолы арқылы Корей түбегінен Қытай, Орталық Азия арқылы Еуропаға дейін баруға мүмкіндік болды. Мен Қазақстан мен Корея, Астана мен Сеул арасында  тығыз және достық қарым-қатынасты орнатуға бар күшімді саламын.

Хабар 24 телеарнасы