388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында соңғы балалар үйі жабылды

  • 1348
  • UPD: 23:17, 19.02.2019
Ақтөбе облысында соңғы балалар үйі жабылды

Өңірде ата-ана қамқорлығынан ада бөбектер саны күрт азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, осыдан он жыл бұрын Алға облыстық балалар үйінде 585 тәрбиеленуші болса, биыл 14-і ғана қалған. Тек былтырдың өзінде 26 бүлдіршін патронаттық тәрбиеге берілсе, 85 баланы тума-туыстары қорған боламыз деп асырап алған. 17 бөбек жаңа отбасымен қауышты. Осыған орай Ақтөбеде жаңадан «Аяла» орталығы ашылды. Тағдырдың тауқыметімен қиын жағдайға тап болған балалар енді осы жерде болады. Қазір жаңа мекемеде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының 19 тәрбиеленушісі мен Алға балалар үйінен келген 14 бүлдіршін тұрып жатыр. Орталықта білім мен тәрбие беруден басқа медициналық, психологиялық қолдау көрсету үшін қажетті жағдай жасалған.

Айта кету керек, облыс бойынша жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған барлығы 1011 бала бар.

Қайрат Алдаржаров, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Балалар үйлерінен айырмашылығы, онда тек жетім және ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалар орналастырылса, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар, қолайсыз отбасынан шыққандар және осы санатқа жататын балалар алты айға дейін орталықта бейімдеуден өте алады. Осы уақыт аралығында ата-аналарымен де жұмыс жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы