384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да қылмыс саны 19 процентке төмендеген

  • 857
  • UPD: 23:16, 19.02.2019
СҚО-да қылмыс саны 19 процентке төмендеген

Солтүстікқазақстандық полицейлер де цифрлық жүйенің жемісін көре бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе ауылды жерлердегі тәртіп сақшылары мал ұрлығы деректерін ізін суытпай ашуда қашықтықтан басқарылатын ұшу аппаратарын қолданып жатыр. Сандық технологияның арқасында тек бір ғана Мағжан Жұмабаев ауданында былтыр 250-ден астам әкімшілік іс пен 30-ға тарта қылмыстың беті ашылды. Қылмыс саны 19 процентке дейін төмендеген. Қазір аталмыш аудан орталығында барлығы 100-ден астам бейнебақылау камерасы ортатылған. Олардың 36-ы полиция бөлімшесіне қосылған. Ал биыл әр ауылдық округке кем дегенде 5 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.

Әділбек Жарасов, М.Жұмабаев аудандық ПБ бөлімше бастығы:

- Бір шаруашылықтың басшысы 370 бас қой жоғалғандығы туралы арыз жазған. Квадроткоптердің көмегі арқылы біз Ресей шекарасының жақын маңында сол қойларды таптық. Осы квадрокоптер қызметімізде жұмысты жеңілдетті.

Хабар 24 телеарнасы