427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда 500-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылмақ

  • 1568
Таразда 500-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылмақ

Жамбыл облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында цифрландырудың жол картасы бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл бұл бағытта Таразда 500-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылмақ. Бұл құқықбұзушылықты дер кезінде анықтап, қылмыстың ізін суытпай ашуға септігін тигізеді. Мәселен, жыл басталғалы бері бейнекамералардың көмегімен 65 қылмыс ашылып, 2000-ға жуық әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Сондай-ақ 994 жол ережесін бұзу дерегі анықталып, 9 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Қазіргі таңда қалада талдау жасалып, құқық бұзушылық ең көп жасалатын орындар анықталды. Жаңадан алынатын бейнекамералар бірінші кезекте шаһардағы мөлтек аудандар, базарлар мен халық көп жиналатын орындарға орнатылады.

Асқар Жораев, облыстық ПД басқармасының бөлім басшысы:

– Жобаларды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы іске асыру жоспарлануда. Бұл камералардың интеллектуалды бейнебақылау жүйесі бар. Оның ішінде тұлғаларды танудың биометриялық параметрларын пайдалану арқылы адамдарды тану. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін де қарастырып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы