384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында ауадағы зиянды заттардың көрсеткіші 7 есеге көп

  • 1138
  • UPD: 10:02, 20.02.2019
Қарағанды облысында ауадағы зиянды заттардың көрсеткіші 7 есеге көп

Қарағанды еліміздің ең лас қалаларының қатарына енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экологиялық бақылау қызметінің мəліметіне сүйенсек, былтыр облыс орталығында 113 рет ауаның қатты ластануы тіркелген. Мəселе тек өңдірістік ластанумен шектеліп отырған жоқ. Желсіз күндері қала үстінде қалың тұмша пайда болады. Бұған көбіне жеке үй секторларындағы пеш мұр-жаларынан шыққан жоғары концен-трациялық түтін себеп. Бұл ретте экологтар арнайы тексеріс жүргізіп, сынамалар алған. Оның қорытындысы бойынша ауадағы зиянды заттардың көрсеткіші 7 есе көп екені анықталды.

Лариса Левченко, экология департаментінің бөлім басшысы:

– Атмосферадағы зиянды заттардың көрсеткіші нормадан асып үсті. Оны мамандар тіркеп алды. Бізге баламалы энергия мен газды жылыту, немесе орталықтандырылған жылыту жүйелеріне көшу керек.

Хабар 24 телеарнасы