389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана әкімі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қатысты түсініктеме берді

  • 687
Астана әкімі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қатысты түсініктеме берді elorda.info

Астанада шаһар басшысы Бақыт Сұлтановтың халықпен кездесуі басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бізге көпбалалы отбасыларға арналған атаулы әлеуметтік көмекке қатысты көптеген сұрақтар келіп түсті. Бүгінде қала бойынша аталған көмекті 10  мың отбасының 4%-ы ғана алады (434 отбасы), оны есептеудегі медотиканың ерекшелігінен осындай көрсеткіш болып отыр. Әрине бұл өте төмен көрсеткіш, қаншама қаржы бөлінген, ал біз оны тиісті жеріне жеткізе алмай отырмыз, бұл деген солардың ақшасы ғой. Бұл қалай болғаны? Шынын айту керек, осы көмекті алу процесінің қарапайым адам үшін түсініксіз жайттары көп. Әрине, бұл оңай шаруа емес, бірақ оны шешеміз. Бізге мәлім болғасын шешілді дей беріңіздер», - деді Астана әкімі.

Оның айтуынша, әкімдіктің алдағы мақсаты – барлық көпбалалы отбасыны атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету.   Бүгінде Үкімет жанынан құрылған жұмыс тобына тиісті ұсыныстар жебірелді.

«Бұл жерде әңгіме тек қана көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қатысты емес, одан бөлек мүгедек жанды мүшесі бар отбасы, зейнеткерлер және ҰОС-ның ардагерлері мен басқа да санатқа жататын отбасылардың да бұдан сырт қалмайды», - деді ол.

Әкімнің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері қала әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімдерінің қатысуымен 33 есептік кездесу өтті. Ол кездесулерде тұрғындардың қозғаған мәселелері мен ескерту-пікірлері қараусыз қалмайды. 

Еске сала кетсек, 15 ақпан қала басшысы көпбалалы аналармен кездесіп, оларды қолдауға қатысты өз шешімін ұсынған болатын. 

Хабар 24 телеарнасы