386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бауыржан Байбек: Көпбалалы отбасылардың балалары балабақшаға тегін барады

  • 865
  • UPD: 15:14, 20.02.2019
Бауыржан Байбек: Көпбалалы отбасылардың балалары балабақшаға тегін барады

Алматыда әлеуметтік аз қамтылған көп балалы немесе толық емес отбасыларды қолдау үшін арнайы «Бақытты отбасы» бағдарламасы қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни алғашқы төлем ретінде 1 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификаты беріледі. Ипотека жылына 2 пайыздық үстемемен 18 жылға рәсімделеді. Бұл жөнінде бүгін есептік кездесуін өткізген қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді. Қазір шаһарда осы санаттағы 1 мың 276 жанұя пәтер кезегінде тұр. Сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үздік оқушыларына шәкіртақы тағайындалады. Жастардың білімге деген құлшынысын арттыруға арналған бастама «Бақытты отбасы» әлеуметтік бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Университет пен колледж студенттеріне 10 мың, мектеп оқушыларына 5 мың теңгеден шәкіртақы төленеді. Тағы бір көмек, көпбалалы отбасылардың бүлдіршіндері балабақшаға тегін барады. Жеңілдік тек екінші баладан басталады. Айта кету керек, өткен жылы балабақшадағы 51 мың орын үшін 16 млрд теңге бөлінген.

Бауыржан Байбек, қала әкімі:

– Бұл бағдарлама аясында жеті бағыт аясында 13 нақты шара қарастырылған. Бүгінгі күні кезекте көбісі алғашқы жарнаны төлей алмайтын 1276 көпбалалы және жалғызбасты отбасы тұр. Осындай жанұялар үшін алғашқы жарнаны төлеу үшін 1 млн теңге сомасында тұрғын үй сертификатын қала бюджеті есебінен қосымша бермекпіз. Мұндай қаржыға құны 15 млн теңгеден аспайтын жаңадан салынған үйлердің шағын көлемді пәтерлерін сатып алуға болады. Ағымдағы жылы осындай 500 ден астам пәтерді Алатау және Наурызбай аудандарында пайдалануға беру күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы