385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда түнгі клубтың алдында екі қызды қағып кеткен жүргізуші сотталды

  • 469
  • UPD: 22:43, 20.02.2019

Қайғылы жол апаты өткен жылдың қыркүйек айында болған еді. Көңілді кештен кейін көлік тізгіндеген Илья Старухин қатты жылдамдықпен жүріп, екі адамды қағып кеткен.

Салдарынан қос бойжеткен де өте ауыр жарақаттар алды. Соның бірі  Ксения Овсянникова есін жинамастан жан тапсырды. Оның артында кішкентай қызы қалды. Ал күдікті сол түні Ресейге қашып, 2 айдай іздеуде жүрді. Бастапқыда куәгерлер оның мас екенін айтса, кейіннен сөздерінен айнып қалды. Бұл оқиға қоғам арасында қызу талқыланып, жұрттың наразылығын тудырған еді. Сотталушы кінәсін мойындады. Судья оны қоныс колониясына қамау туралы шешім шығарды.

Асем Жаналина, қалалық соттың судьясы:

- Илья Старухин 4 жылға сотталып, жазасын минималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Сонымен қатар 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылсын.

Хабар 24 телеарнасы