384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында көп балалы отбасыларға қайтарымсыз грант беріледі

  • 998
  • UPD: 20:40, 20.02.2019
Маңғыстау облысында көп балалы отбасыларға қайтарымсыз грант беріледі

Маңғыстаулық көп балалы отбасыларға 100 мың теңгеден беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Ералы Тоғжанов халық алдында берген есепті кездесуінде айтты.

Тиісті қаражат қазынадан алдағы сәуір айында бөлінуі тиіс. Сосын мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетім балалар мен әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы отбасыларға жеке ісін бастау үшін 500 мың теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар беріледі. Ал аймақтағы балабақшалар базасында мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арнайы топтар құрылады. Оған есту және сөйлеу қабілеті нашар, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген бүлдіршіндер қабылданады. Ақтау мен Жаңаөзен қалаларындағы көпбалалы аналар сәуір айынан бастап қоғамдық көліктерде тегін жүреді.

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

- Бүгінгі таңда республикалық орталықтарға емдеу және сауықтыру курстарына жетуге ата-анасымен ілесіп, жүруге баратын мүгедек балаларға тек теміржолмен жүру қаралған. Ата-аналардың сұранысын ескере отырып, біз денсаулық сақтау басқармасы жолдамасы бойынша Астана мен Алматы қалаларындағы республикалық орталықтарға ата-анасымен бірге ілесіп бару үшін жол жүру құнының 40 МРП аспайтын бөлшегін төлеуге шешім қабылдадық. Бұл 100 мың теңге бір адамға.

Мейрамгүл Азанбаева, С.Шапағатов ауылының тұрғыны:

- Өзінің бизнесін ашқысы келетін, бірақ жағдайы көтермейтін отбасыларға мысалы 300-500 мың теңгеден грант беріледі деген жақсы хабар айтты. 3-топтағы мүгедек атам, енем бар. Жолдасаым жұмыс жасамайды. Өзім де жұмыссызбын. Гран берсе мен де өзім әрі қарай ісімді істегім келеді.

Хабар 24 телеарнасы