389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл 120 жоба іске қосылады

  • 598
  • UPD: 14:52, 21.02.2019

Нәтижесінде 20 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мәлім етті. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, индустрияландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобалар құны – 1,1 трлн теңге. Пайдалануға берілетін нысандардың ішінде Қарағанды облысындағы ферросилиций өндірісінің зауыты, Ақтөбе облысындағы керамикалық гранит пен керамикалық тақталар өндірісінің зауыты бар.

Жалпы, индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылған мерзім ішінде 8 трлн теңгеге 1 200-ден астам жоба іске қосылған. Ал өткен жылы 100 жоба іске қосылып, 13 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек тапты.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін және «қарапайым заттар экономикасын» дамыту мақсатында отандық кәсіпорындарды қолжетімді несиелендіруге 600 млрд теңге бөлінеді. Оның 400 млрд-ы өңдеу өнеркәсібіне бағытталады. Қабылданған шаралар қазақстандықтар күнделікті тұтынатын 250-ге жуық тұтыну тауарлардың өндірісін бастауға және ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы