380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде тариф туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

  • 861
  • UPD: 14:51, 21.02.2019
Ақтөбеде тариф туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақтөбеліктер коммуналдық қызметке төмендетілген тариф бойынша төлеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаңтар айынан бастап жылу, газ және электр энергиясына баға 10 пайызға арзандаған еді. Ал су мен кәріз қызметіне 6 процентке төмендеді. Алайда жыл басында тұрғындар арасында түсініспеушілік болып, Монополияға қарсы департаментке біраз шағым түскен. Құзырлы орган тиісті тексеру жүргізіп, жылумен қамтып отырған кәсіпорынға әкімшілік айыппұл салды. Анығырақ айтсақ, жыл соңыда мекеме тарифті  30 күнге емес, 40 күнге есептеген. Түбіртектегі артық төлемді көрген тұрғындар наразы болған. Монополияға қарсы департамент мамандары мен коммуналдық кәсіпорын өкілдері бірлескен рейдке шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өткен жылдың соңғы айындағы түбіртек пен биылғы жылдың алғашқы айына есептелген баға салыстырмалы түрде көрсетілді.

Тағы бір айта кететін жайт, есептегіш құралын орнатқан үйлер мен есептегіші жоқ үйлердің жылуды пайдалану көрсеткіші де бағаға әсер етеді.

Гүлнұр Масина, облыстық Монополияға қарсы департамент жетекшісі:

- Кейбір тұтынушылардың төмендеуді сезінген жоқпыз дегенін талдап, тексеру жүргіздік, желтоқсан айында 2 текше метр ыстық су пайдаланса, қайтар айында 4 немесе 5. Яғни ыстық суды пайдалану көлемі көбейген. Бұл жерде бір ескеретін жағдай, желтоқсан-қаңтар айлары бізде салқын болып келеді. Қараша мен қазанмен, наурыз және сәуірмен салыстығанда 2 айда газды, жылуды пайдалану көлемі көп болады.

Аманбай Сақиев, коммуналдық кәсіпорынның басқарма төрағасы:

- Егер түсінбейтін жағдай болса, тұтынушылар бізге келсін, біз күтіп аламыз. Және оларға түсініктеме жүргіземіз. Халыққа да ренжуге болмайды өйткені олар жылу жүйесін қалай есептейтінін білмейді, білмесе, бізден сұраса, біз толық жауап береміз.

Хабар 24 телеарнасы