383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы форумда баспаналы болудың жолдары айтылады

  • 680
  • UPD: 14:50, 21.02.2019
Астанадағы форумда баспаналы болудың жолдары айтылады

«Жас қанаттар» атты жас кәсіпкерлер форумы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазақстанның іскер әйелдері» қауымдастығы ұйымдастырып отырған жиынға шетелдік, қазақстандық сарапшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысуда.

Атап өтейік, қазір елімізде 14 пен 29 жас аралығындағы 4 миллиондай жас бар. 2 миллион 125 мыңы белсенді. Оның бір жарым миллионы жалдамалы қызметте болса, 488 мыңы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Екі күнге ұласқан жиында бизнесті дамыту үшін тәлімгерліктің маңызы, жаңа технологияларды пайдалану, дағдарыс кезінде сатылымның төмендемеуі, электронды коммерция, стартаптар арқылы кәсіпті дөңгелету бағытында жастарға тегін кеңестер беріледі. Шеберлік сабақтары өтеді. Баспаналы болудың да жолдары айтылады.

Эльмира Байназаров, журналист, кәсіпкер:

- Бүгін форумда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері бізге үйге қалай ақша жинау керек, үйді қалай алу керек, осының бәрін түсіндіріп айтады. Кешелі бері жинақтаған тәжірибелеріміз – бизнестегі қателіктер, оған ұрынбау, оның алдын алу.

Хабар 24 телеарнасы