386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда ірі көлемде ұрлық жасаған қала тұрғыны ұсталды

  • 625
  • UPD: 18:17, 21.02.2019
Таразда ірі көлемде ұрлық жасаған қала тұрғыны ұсталды Tengrinews

Таразда 38 жастағы әйелді тонап кетті.

Оның автокөлігінен 30 мың АҚШ доллары, екі жарым миллион теңге және алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Бұл уақытта жәбірленуші сұлулық салонында болған көрінеді. Іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер ұрыны ұстады. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес ол 28 жастағы бұрын істі болған Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Оның тұрып жатқан пәтерін тексеру кезінде айғақ заттар тәркіленді. Тінту барысында 10 мың АҚШ доллары, швейцарлық қымбат сағат және жалпы құны 10 миллион теңге болатын алтын бұйымдар табылды. Сонымен қатар пәтер мен көлік есіктерін ашатын бірнеше құрал-саймандары тәркіленді. Қазір ол кінәсын толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы