385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында 300-ге тарта уақ мал қырылып қалды

  • 814
Қызылорда облысында 300-ге тарта уақ мал қырылып қалды

Қызылорда облысында шамамен 300-ге тарта уақ мал қырылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Жанақорған ауданында 2 күн бойы толассыз жауған қар астында қалып қойған. Төтенше жағдайлар қызметінің СМС-ескертпесіне қарамастан, шопандар мың жарым қой-ешкіні жайлауға қарай көшірген. Қаратауға өрлеген уақ мал 1 метрлік қалың қарға омбылап, көш тоқтаған. Шаруа қожалықтары қазір жоғалған түліктерін түгендеу үстінде. Әзірге іздеу шараларының нәтижесінде 70 шақтысы табылған. Арнайы құрылған комиссия шығынның нақты есебін қар еріген соң хабарлайды.

Жандос Қаюпов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы:

– Негізі малшылар наурыз айының басында күн жылығаннан кейін көшу керек. Бұл жөнінде түсіндірме, үгіт-насихат жұмыстары жергілікті аудандық бөлімде, қала бөлімдерінде жүргізіліп жатыр. Өңірлік аэроұтқыр жасағынан 10 қызметкер, 3 бірлік техника көмек жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдай қызметкерлері де бар.

Хабар 24 телеарнасы